Елімізде өнеркәсіп өндірісінің индексі ұлғайды

634

2022 жылғы қаңтар-қазанда көрсеткіш 101,4 % құрады.  

Елімізде өнеркәсіп өндірісінің индексі ұлғайды Фото: 365info.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Айтарлықтай өсім Жамбыл (11,1%), Абай  (9,4%), Ақмола (8,8%) облыстарында және Алматы қаласында (9,2%) байқалды. Төмендеу Қостанай (4,3%-ға), Түркістан (4,2%-ға), Жетісу (2,4%-ға), Атырау (1,9%-ға), Батыс Қазақстан (1,3%-ға), Қызылорда (1,3%-ға) және Павлодар (0,9%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-қазанда 39 720 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласына – 20 628 млрд теңге (жалпы көлемнің 51,9%-ы), өңдеу өнеркәсібінде – 16 972 млрд теңге (42,7%-ы) тиесілі.

"2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда түсті металдар кені (107,8%), көмір өндіру (101,6%), сусындар (108,9%), темекі өнімдері (112,7%), жеңіл өнеркәсіп (107,8%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (104,4%), резеңке және пластмасса бұйымдары (104%) өндірісінің өсуі байқалды", делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу