1 қыркүйектен бастап жалпы қазақстандықтар онкологиялық ауруларға арналған скринингтен тегін өте алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Енді онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау тек МӘМС жүйесіне қатысушылар арасында ғана емес, бүкіл халық арасында жүргізіледі. Бұл тәсілдер ауруларды ерте анықтауға, өлім-жітімді азайтуға және алдын алу мен халықтың ұзақмерзімді денсаулығына бағытталған медициналық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Тегін скрининг сүт безі, жатыр мойны, тік және тоқ ішек обырына, сондай-ақ бұрын МӘМС аясында ғана қолжетімді болған басқа да онкопатологияларға қатысты болмақ.
Енді скринингтен өту үшін тек емханаға тіркелу жеткілікті, жолдама сол арқылы қолжетімді болады.