Елімізде онлайн нотариаттық қызметтер тізімі кеңейтілді

Халыққа сенімхаттарды онлайн форматта ресімдеу мүмкіндігі берілді. 

Елімізде онлайн нотариаттық қызметтер тізімі кеңейтілді Фото: dknews.kz

Қазақстанда онлайн режимде қолжетімді нотариаттық қызметтер тізбесі кеңейтілді. Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттардың тек үш түрі ғана ресімделіп келсе, қазір мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, барлық түрлері EGOV Mobile арқылы электрондық түрде қолжетімді.

Вице-министр Бекболат Молдабековтың айтуынша, 2023 жылғы 11 сәуірден бастап Әділет Министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп "Цифрлық нотариат" пилоттық жобасын іске қосты. Оның шеңберінде халыққа сенімхаттарды онлайн форматта ресімдеу мүмкіндігі берілді. Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттың тек үш түрі ресімделген:

  • барлық мемлекеттік органдарда, мекемелерде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда мүдделер ұсынуға;
  • мұрагерлік істі жүргізуге;
  • соттарда іс жүргізуге.

"Алайда, жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың өмірлік жағдайларына қарай онлайн режимде ресімделетін сенімхаттар тізбесін кеңейту қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, Әділет министрлігі мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, сенімхаттардың барлық түрлерін осы тізбеге енгізу туралы шешім қабылдады. Қызмет алу сапасы мен ыңғайлылығын жақсарту бойынша жұмыс жалғасады",-деп атап өтті Әділет вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу