Елімізде орман өртінен келген шығын 4,6 млрд теңге

880

Биыл Қазақстанда шамамен 650 орман өрті тіркелген, шығын мөлшері – 4,6 млрд теңге.  

Елімізде орман өртінен келген шығын 4,6 млрд теңге

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 2 қыркүйектегі мәліметке сәйкес мемлекеттік орман қорында жалпы ауданы 143 мың га болатын 648 орман өрті тіркелді. Шығын мөлшері – 4,6 млрд теңге", деді вице-министр.

Әлия Шалабекованың айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік орман қоры аумағында шамамен 13 мың рейд жүргізілген. Мамандар 8 мың текше метр заңсыз ағаш кесудің 121 дерегін анықтаған. Шығын мөлшері – 124 млн теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу