Елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

475

Сондай-ақ балабақшаға есепке алудың бірыңғай базасы да іске қосылмақ. 

Елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылады Фото: ҚР ТЖМ

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мұнда орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі жаңа шаралар мен балабақшаларға кезекке тұруды автоматтандыру үдерісі қаралды, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жиынға қатысушылар өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және уәкілетті органдарға ақпаратты шұғыл жеткізуге мүмкіндік беретін орман өрттерін ерте анықтау жүйесін іске қосу мәселесін талқылады. 

"Оның шеңберінде мемлекеттік орман қорын, ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін және өрттерді оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектесетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көзделеді. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қауіпсіз эвакуациялау жолдарын әзірлеу, сондай-ақ зардап шеккендерді іздеп табу және құтқару үшін пайдалану жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген Мектепке дейінгі ұйымдар үшін есепке алудың бірыңғай базасын құру мәселесі де талқыланды. Оны пилоттық режимде осы жылдың қазан айында іске қосу жоспарланып отыр, ал 2024 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша қолданылады.

Премьер-Министр балабақшаға кезекке қою және кезекті жылжыту үдерісін толық цифрландыру оның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу