Елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

462

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі жаңа шаралар қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылады Фото: primeminister.kz

Жиынға қатысушылар өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және уәкілетті органдарға ақпаратты шұғыл жеткізуге мүмкіндік беретін орман өрттерін ерте анықтау жүйесін іске қосу мәселесін талқылады.

Оның шеңберінде мемлекеттік орман қорын, ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту жоспарланып отыр.

Бұл ретте шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін және өрттерді оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектесетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көзделеді.

Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қауіпсіз эвакуациялау жолдарын әзірлеу, сондай-ақ зардап шеккендерді іздеп табу және құтқару үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу