Елімізде өрт қаупі артады

1056

Өңірлерде ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын азаяды. 

Елімізде өрт қаупі артады

Қазақстанда өрттің шығу қаупі артады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде табиғи өрттің шамамен 4 мыңнан аса дерегі, даладағы өрттің 3,5 мың дерегі тіркеледі.  Шығынның мөлшері – 200 млн теңге. 

"Биыл ормандарда 60 өрт тіркелді... "Қазгидромет" болжамына сәйкес, 2021 жылдың 2-тоқсанында елімізде ауа температурасы 25 градусқа, ал оңтүстік өңірлерде 30 градусқа дейін көтеріліп, ыстық болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын азаяды. Бұл өрт қаупін арттырады", - деді Нұрболат Дербісов ОКҚ-де баспасөз мәслихатында. 

Ол ірі өрт болған жағдайда арнайы жоспар әзірленгенін жеткізді.

"Жоспарға сәйкес, өртпен күреске 43 мың адам жұмылдырылады, сондай-ақ 9 мыңнан аса техника, 10 тікұшақ және 46 өрт сөндіру пойызы бар", - деді төраға.

Сонымен қатар Нұрболат Дербісов төтенше жағдайдың алдын алу үшін ғарыштан бақылау жүргізілетінін жеткізді.

"Барлық өңірде табиғи өрт деректерін анықтау үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясымен ғарыштық мониторинг бойынша келісімшарт жасалды. Еліміздегі орман өртінің дерегі осы мекеменің көмегімен анықталады", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу