Елімізде орта және кәсіптік білім беру қызметтері қымбаттады

626

Колледждер мен мектептердің қызмет ақысы жылдық көрсеткіште бірден 19%-ға өскен. 

Елімізде орта және кәсіптік білім беру қызметтері қымбаттады Фото: CC0 / vidhyarthidarpan

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 84,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бюджет қаражаты есебінен 73,8 млрд теңгеге, халық есебінен 9,8 млрд теңгегеге, кәсіпорындар есебінен 669 млн теңгеге қызмет көрсетілді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сектордағы қызмет көрсету көлемі 73,6 млрд теңгені құраған, жылдық көрсеткіш  7,8%-ға артық.

Өңірлік бөліністе қызмет көрсетудің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 11,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 18%-ға артық. Олардан кейін Түркістан облысы (5,6 млрд теңге, бір жылда 3,9%-ға кем) және Шымкент (5,5 млрд теңге,  жыл ішінде 21,5%-ға артық).

Ең аз қызмет көрсету көлемі Ұлытау облысында байқалды: бар болғаны 1,5 млрд теңге. Үздік аутсайдерлердің үштігінде Атырау мен Абай облыстары бар.

Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемі Астанада жоғары көрсеткіш көрсетті 4,6 млрд теңге, жыл ішінде өсім 27,1%, бұл салада ең аз көрсетілген қызмет Шығыс Қазақстан облысында  тіркелді  3,1 млрд. теңге,  жыл ішінде 42%-ға құлдыраған.

Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың 76,7 пайызы мемлекеттік. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер 64,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артық. Көрсетілген қызметтердің тағы 23,3%-ы жеке кәсіпорындарға (19,7 млрд. теңге, жыл ішіндегі өсім айтарлықтай, 24,3%), тек 1,9 млн. теңге – шетелдік кәсіпорындарға тиесілі.

Кәсіпорындардың көлемі бойынша қызмет көрсетудің негізгі көлемі орта бизнеске тиесілі: 46,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 11,3%-ға артық. Шағын кәсіпкерлік субъектілері секторда 30,5 млрд теңгеге,  жыл ішінде 20,1%-ға артық, ірі кәсіпорындар – 7,3 млрд теңгеге, жыл бұрынғыдан 13%-ға көп қызмет көрсетті.

Бағаның өсімі бойынша Атырау облысы көш басында: жылына 65,9%-ға. Одан кейін Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында кәсіптік білім беру қымбаттаған: тиісінше 35,4% және 34,5%.  Білім ақысы ең аз өскен өңір- Ақмола облысы, жыл ішінде 1,3%.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу