Елімізде Орталық Азиядағы алғашқы "гамма-нож" кешені іске қосылады

872

Мемлекет басшысы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Серік Ақшолақовты қабылдады.

Елімізде Орталық Азиядағы алғашқы "гамма-нож" кешені іске қосылады

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Орталықтың соңғы 10 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен оны дамытудың келешегі жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың басмпасөз қызметі.

Атап айтқанда, Серік Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықта микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық, функционалды нейрохирургия сияқты жаңа бағыттардың пайда болғаны туралы айтты.

Сонымен қатар ол мекеме базасында аса күрделі нейрохирургиялық оталар жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азияда алғашқы "гамма-нож" кешенінің іске қосылатыны жөнінде хабарлады.

Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірін қамтуға тиіс жоғары білікті әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу