Елімізде орталық кәріз жүйесіне қосылған тұрғын үйлер саны 53,6%-дан 54,2%-ға өсті

614

Алайда үйлердің үштен бірінің дәретханасы далада.

Елімізде орталық кәріз жүйесіне қосылған тұрғын үйлер саны 53,6%-дан 54,2%-ға өсті

2021 жылы орталық кәріз жүйесіне қосылған дәретханасы бар баспаналар үлесі бір жылда 53,6%-дан 54,2%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Септигі бар тұрғын үйлер бір жыл бұрынғы 18,3%-дан 20,3%-ға артты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының үштен біріне жуығы шұңқыр дәретхананы пайдаланады және олардың жалпы үлесі бір жыл ішінде небәрі 1 пайыздық тармаққа төмендеді. 

Қазақстандағы дәретханалардың жағдайы халықтың табыс деңгейіне тәуелді.

Осылайша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары адамдар тұратын тұрғын үйлердің 54,6%-ы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған, ал табысы төмен тұрғындардың тек 30,6%-ы ғана аталған жүйені пайдаланады. 

Табысы төмендерінің 58,4%-ы шұңқыр дәретханаларға барады. 

Әрине, жағдай ауданға да байланысты. Мәселен, орталық кәріз жүйесіне қосылған дәретханасы бар қалалық тұрғын үйлердің үлесі 2021 жылы 80,6%-ды құраса, ауылдық жерде бұл көрсеткіш небәрі 6,2%. Жалпы алғанда ауылдық үйлерде шұңқыр дәретханалар басым – 76,2%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу