Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 142 мың теңгеге жетті

456

2 млн 503 мың адам базалық және ынтымақты зейнетақы алады.  

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 142 мың теңгеге жетті Фото: canva

Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгеге жеткен. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге болды.

2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне тікелей байланысты:

  • 10 жылға дейін – күнкөріс минимумынан 70%,
  • әр қосымша жыл үшін +2%,
  • 30 жылдан асса – 110% мөлшерінде (50 851 теңге) белгіленеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу