Елімізде өртке қарсы шаралар басталды

1187

От жағып, өртке ұластырған 156 адам қолға түсті.

Елімізде өртке қарсы шаралар басталды

Еліміздің солтүстігі еріген қардың салдарымен күрес жүргізіп жатқан кезде, оңтүстікке ерте кеген көктем өрт қаупін туғызуда. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.

"Қазір өртке қарсы шараларды бастадық. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл көктем екі аптаға ерте келді. Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында өрт қаупі жоғары. Орманда 70 рет өртену жағдайы болса, далада 513 жерде өрт шыққан. Қазір күзету, рейд жүргізу тәрізді шаралар атқарылуда. От жағып, орман мен даланың өртенуіне ұластырған 156 адам қолға түсті. Оларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұндай жұмыстар жалғаса береді", – деп айтып өтті Юрий Ильин

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу