Елімізде осы аптада 31 адам суға кеткен

1117

Шомылу маусымы басталғалы 126 адам қайтыс болыпты.

Елімізде осы аптада 31 адам суға кеткен

Қазақстандағы суларда күн сайын 10-нан астам төтенше жағдай орын алады. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Еліміздегі су қоймаларында қайтыс болған және батып кеткендердің жалпы саны 126 адамды құрайды, олардың 50-і бала. Өлім саны ең көп тіркелген Ақмола облысы – 15 адам, оның жетеуі– бала. Алматыда – 11, бесеуі – бала, ШҚО-да – 16 адам, бесеуі – бала, БҚО-да –13 адам, бесеуі – бала, Павлодар облысында – 9, екеуі – бала, Түркістан облысында –11 адам, алтауы – бала",– деп хабарлады Владимир Беккер.    

Владимир Беккердің айтуынша, суға батудың себебі сол баяғыша, балалардың қараусыз қалуы болып отыр.

Сондай-ақ, комитеттің баспасөз қызметі осы аптада еліміз бойынша 31 адам суға кеткенін хабарлады, оның 12-сі бала болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу