Елімізде отбасы институтын қолдауға бағытталған 34 орталық бар

586

Қазақстанда отбасы институтын қолдауға бағытталған 34 орталық жұмыс істейді.  Десек те, бұл аздық етіп отыр. Бұлай деп Сенат депутаты, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төраға орынбасары  Ляззат Сүлеймен мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Елімізде отбасы институтын қолдауға бағытталған 34 орталық бар Фото: gov.kz

"Бүгінгі таңда отбасыларды қолдау орталықтарын құру жүзеге асырылып жатыр. Елімізде осындай 34 орталық бар. Бірақ ол аздық етеді. 2025 жылға дейін 234 отбасын қолдау орталықтарын ашпақпыз. Ол үлкен қаражатты қажет етеді. Отбасы институтын нығайтуға байланысты заң жобасын депутаттар ұсынып отыр, оны қабылдауымыз керек. Жұмыс көп. Оны атқаруға комиссияның қауқары да, кәсібилігі де жетеді деп ойлаймын", - деді халық қалаулысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кету керек, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында 35 адам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу