Елімізде өткен аптада 6 адам уланып көз жұмды

1164

Елімізде өткен аптада 6 адам уланып көз жұмды

Өткен аптада елімізде 6 адам газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметіне сүйеніп, Baq.kz хабарлайды.

"Ескертулер мен хабарламаларға қарамастан көптеген адамдар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Бір апта ішінде оқыс оқиға салдарынан 6 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілген", – дейді Руслан Иманқұлов.

Қыс мезгілі енді басталғанына қарамастан, елімізде иіс тиіп уланғандар саны аз емес. Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға пеш мұржаларын жиі тазалап отыруды, бөлмені желдетіп, пешті жөндеу жұмыстарына баса назар аударуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу