Елімізде өткен жылдың он бір айында 230 мың қылмыс тіркелген

1137

Заңбұзушылыққа барғандардың 83%-ы жұмыссыздар.

Елімізде өткен жылдың он бір айында 230 мың қылмыс тіркелген

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында 230 мың 710 қылмыс тіркелген. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға төмен, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.  

Ведомстваның мәліметтеріне сүйенсек 11 айдың ішінде әр 10 мың адамға 136 қылмыстан келеді. Осылайша осы аралықта тұлғаның жеке басына қатысты 9 мың 381 құқық бұзузшылық тіркелсе, оның 682-сі адам өлтіру, 1975-і  денсаулыққа қасахана ауыр зиян келтіру фактісі. 
Бұдан бөлек қаңтар-қараша аралығында 8 мың 140 қоғамдық тәртіпті бұзу, 183 мың 661 мүлікке зиын келтіру ісі белгілі болған. Оның 130 мың 157-сі ұрлық. 

Сонымен қатар қаңтар мен қараша аралығында есірткіге қатысты 6 мың 308  қылмыс анықталған. Ал әскери адамдардың 188 заң бұзушылығы тіркелген. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезіңінен 0,1%-ға жоғары. 

Жалпы осы аралықта еліміздің құқық қорғау органдары 89 мың 198 қылмыскерді әшкерелеген. Оның 12,1%-ы әйелдер, 2,8%-ы кәмелеттік жасқа толмағандар, 1,6%-ы шенеуніктер, 42,5%-ы бұрын қылмыс жасаған адамдар. Бұл ретте заң бұзушылыққа барғандардың 83%-ы жұмыссыздар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу