Елімізде өткен жылы суицид көрсеткіші 3,9 пайызға қысқарған

974

Дегенмен,министр өз-өзіне қол жұмсаудың әлі де өзекті мәселе болып қалып отырғанын айтады.

Елімізде өткен жылы суицид көрсеткіші 3,9 пайызға қысқарған

Елімізде өткен жылы суицид көрсеткіші 3,9 пайызға қысқа қысқарған. 2018 жылы өз-өзіне қол жұмсауға байланысты 628 жағдай тіркелген (2017 жылы 654 жағдай), деп хабарлайды қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.

"Республикада жастар арасында суицидке бару мен өзіне қол жұмсамақ болғандардың саны төмендеген. Дегенмен, жастар арасындаға  бұл мәселе актуалды проблемалардың қатарында қалып отыр", –  дейді Дархан Кәлетаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, салыстырмалы түрде алғанда көрсеткіш төмендегенімен бұл – "өте көп сан".

"Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық институттармен алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғаса беретін болады",  –  деді ол.

Елімізде 14 пен 29 жас арасындағы азаматтар жастар деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу