Ұшақтағы орыннан көп билет сатқан әуе компаниялары айыппұл төлеуі мүмкін

167

Бас прокуратура әуе компаниялардың қызметіне бақылауды күшейтті.

Ұшақтағы орыннан көп билет сатқан әуе компаниялары айыппұл төлеуі мүмкін Фото: canva.com

Қазақстанда овербукинг үшін жауапкершілік халықаралық рейстерде ғана емес, енді ішкі рейстерге де енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Бұл мәселе әсіресе мереке және демалыс күндері ушығып, жолаушылар билет болса да, ұша алмау жағдайларымен жиі кездескен. 

Енді билеті бола тұра ұшаққа отырғызбау – жай ғана қолайсыздық емес, авиакомпанияға әкімшілік жаза қолдануға негіз болады.

Ішкі рейстерде жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Жаңа нормаға сәйкес, әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Қабылданған шаралар әуе компанияларының қызметін бақылауды күшейтіп, жолаушылардың құқықтарын қорғауға, билет нормасынан артық сатылым салдарынан ұшаққа отырғызудан бас тарту жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу