Елімізде пайдалануға берілген нысандар саны азайды

938

Алайда салынып жатқан тұрғын үйлердің орташа ауданы өсті.

Елімізде пайдалануға берілген нысандар саны азайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикада 8668 нысан пайдалануға берілді. Бұл бір жыл бұрын 9500 нысан салынса, 2019 және 2020 жылдың алғашқы үш айында 10 мың нысан құрылысы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалпы, қазіргі көрсеткіш 2014 жылдан бергі ең төмен болып есептеледі.
Бұл ретте құрылыс динамикасы пайдалануға берілген барлық объектілердің жалпы санынан 90-95%-ын құрайтын салынған тұрғын үйлер көлемімен анықталады. Бұл ретте баспана бойынша көрсеткіш төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 9 044 тұрғын үй салынса, биылғы жылдың аталған кезеңінде7 764 нысан бой көтерген. Бұл да соңғы 8 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Осы орайда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2,8 млн шаршы метрден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. Пайдалы ауданы 2,44 млн шаршы метрді құрады (-0,8%). Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны 23330 (-1,4%).

Бұл салынған пәтерлердің орташа ауданы өскенін көрсетеді. Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 103,9 шаршы метр болса, биыл оның көлемі 105 шаршы метрге тең.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу