Елімізде пандемияға байланысты өмірін сақтандырғандардың саны қанша?

1066

Ковид-19-дан сақтандыратын полистердің бағасы 5 мың мен 25 мың теңгенің арасында.

Елімізде пандемияға байланысты өмірін сақтандырғандардың саны қанша?

Елімізде пандемияға байланысты 100-ден астам адам өмірін сақтандырған. Бұл туралы сақтандыру компаниясының өкідері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мамандардың сөзінше, сәуірдің соңында шыққан жаңа полиске қызығушылық танытатындар көп. Тек жеке тұлғалар ғана емес, кәсіпкерлер де сатып ала бастаған. 

Ковид-19-дан сақтандыратын полистердің бағасы 5 мың мен 25 мың теңгенің арасында. Сақтандыру төлемінің көлемі полистің бағасына байланысты. Мысалы, 5 мың теңгелік полисті алған адамға ковид-19  диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылса, 100 мың теңге төленеді. Ал  қайтыс болса, жақындарына 1 млн теңге беріледі. Өтемақының шекті көлемі 5 млн теңгеге дейін жетеді. Мамандардың сөзінше, келісімшарт 6 айға дейін жарамды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу