Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға АПВ вакцинациясы, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 114,4 мыңнан астам қыз егілді, оның ішінде 11 жаста – 64,1 мың, 12-13 жаста 50,3 мың вакцинацияланған иммундаудан кейін жайсыз жағдай тіркелмеген", – деді ол.
Сондай-ақ балалар арасындағы қызылша ауры бойынша 64 жағдай тіркелген. Ал көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Жыл басына бері көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелген.