Елімізде "парамедик" мамандығы енгізілмек

522

Бұл туралы ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған "Әрбір әйел – әрбір бала" тұжырымдамасында айтылған.

Елімізде "парамедик" мамандығы енгізілмек Фото: Алматы ақшамы

Құжаттың "Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдірудің негізгі қағидаттары" бөлімінде көрсетілгендей, "Педиатрия" мамандығы бойынша базалық даярлықтан өткен интернатура түлектерінің арасынан балалар анестезиолог-реаниматологтарын даярлау мәселесі пысықталатын болады.

Сонымен қатар республикада балаларға анестезиологиялық және реанимациондық көмек көрсетуді ұйымдастырудың стандарты жасалынады, деп жазады inbusiness.kz.

"Балалардың реанимация қарқынды терапия бөлімшелерінің штаттық нормативтері мен материалдық-техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар әзірленеді және енгізіледі. Авто және әуе көлігін қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жарақтандыруды ұлғайту есебінен телемедициналық консультациялардың қолжетімділігі, аналар мен жаңа туған нәрестелерді шұғыл және медициналық авиациялық ресурстармен уақтылы және сапалы тасымалдау артады. 

Қазақстан Республикасында тиісті нормативтік бекітумен және кадрларды даярлаумен "парамедик" мамандығы енгізіледі", - делінген құжатта.

 

Сонымен қатар Астананы айналып өтіп, өңірлер ішінде медициналық авиацияның қажеттіліктері ескеріле отырып, оның ішінде үлкен ұшақтарда ұшу географиясы кеңейтілмек.

Құжатқа сәйкес, экипаж құрамына мобильді медициналық авиация бригадасын қосу мәселесі де пысықталады.

"Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚК медициналық авиацияның ұшуына қолжетімділік әуежайлар кестесіне байланысты болмайды. Ауыл халқына медициналық авиация қызметінің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен ауылдық жерлерде тікұшақ айлақтарын жабдықтау мәселесі пысықталатын болады. "Елді мекен – Аудан орталығы – Облыстық медициналық ұйымдар – Республикалық медициналық ұйымдар" деңгейіндегі бірыңғай телемедицина желісі құрылады", - деп жазылған жария талқылауға ұсынылған тұжырымдамада.

Білім беру сапасы мен үйлестіруді жақсарту үшін халықаралық аккредиттеу стандарттары (BLS, ACLS, PALS, NRP, PhTLS және т.б.) бойынша бірыңғай Республикалық сертификаттау базасын құру жоспарланып отыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу