Осы жылдың 10 айында парфюмерия мен косметика заттарының 5 679,4 тоннасы өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп.
"Импорт 0,5%-ға азайды. Қаңтар-қазан аралығында сырттан 57 395,2 тонна парфюмерия мен косметика әкелінген. Импорт үлесі – 91%. 10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 60 829,2 тонна парфюмерия мен косметика сатылды", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек 2 245,4 тонна өнім экспортқа жіберілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу