Қазақстанда жаңа салық кодексіне байланысты тұрғын-үй бағасы тағы көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Депутат "баспана бағасының құбылуына 12 пайыздық салық әсер етпей қоймайды" деген пікірде.
– Бұған дейін құрылыс компаниялары көптеген салықтық жеңілдік алып келген еді. Ал енді бюджет тапшылығына, жаңа салық кодексіне байланысты құрылыс компанияларына 12 пайыздық салық енгізіледі. Ол айналып келгенде қарапайым халықтың қалтасына салмақ болады, – деп түсіндірді Д.Мұқаев.
Депутаттың мәліметінше, қазір құрылыс компаниялары коммерциялық нысаннан ғана салық төлеуде. Тиісінше, сатқан үйлерінен салық төлемейді. Үкімет енді осы жеңілдікті де алып тастауды жоспарлап отырған көрінеді. Бұл өз кезегінде пәтер бағасының қымбаттауына әкеледі. Мұнан кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым халық та қиындық көруі мүмкін.