Елімізде патологоанатомиялық бюроның жаңа ғимараты салынады

951

Елімізде патологоанатомиялық бюроның жаңа ғимараты салынады

Медицинада кеңінен қолданылатын қаза болған адамның тәнін тексеру үшін патологоанотомиялық қызметтің маңызы зор. Сол үшін патологоанатомиялық бюроның өз ғимараты салынбақ. Бұл туралы  "Патологоанатомия­лық бюро" МҚК директоры Анатолий Ко astana-akshamy.kz-ке берген сұқбатында толық мәлімет берген.

"Өткен жылы әкімдікке барып, бірыңғай, тәуелсіз және орталықтандырылған патологоанатомиялық бюроның тұжырымдамасы мен бизнес-жоспарын ұсындық. Әлеуметтік жоба енгізіп қойды. Бұл, әрине, бізді қатты қуантып отыр. Қайталап айтамын, медициналық кластердегі патологоанатомиялық орталық сияқты тәуелсіз құрылым кез келген қалада болуы керек. Үлгілі мемлекеттерде патологоанатомиялық орталық – медицина ғылымының бүтін саласы. Күн сайын дамитын ғылымнан қалыс қалмау үшін үнемі құрал-жабдықтарды, зертханаларды, зерттеу базасын жаңартып отыру керек. Сондықтан жаңа ортақ жүйе болмайынша бұған қол жеткізу мүмкін емес. Яғни біздің мақсат – 26 жыл бұрын құлап қалғанды қайта жаңғырту. Жаңа патологоанатомиялық орталықта 197 маман жұмыс істейтін болады,- дейді Анатолий Ко.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу