Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге мамандандырылған магистратура ашу жөнінде жазды ұсынды. Министр бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз университеттерге психологиялық медициналық педагогикалық кабинеттің (ПМПК – ред.) мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз. Бұл ПМПК, психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері және орталықтардың мамандары сұхбат арқылы ағылшын тілінсіз түсуі үшін қажет", – деді министр.
Сондай-ақ министр бакалавриат бағдарламалары аясында даярлау, курс арқылы мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарына ерекше назар аудару қажет екенін айтты.