Елімізде педагогтердің 81 пайызы – әйелдер

129

Балалардың құқықтық сауаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік 10 маңызды заңды ілгерілетті. 

Елімізде педагогтердің 81 пайызы – әйелдер Фото: gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы әрі Қазақстандағы Елдік кеңсе өкілі Джерен Гювен Гюрэспен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқосуға "БҰҰ-әйелдер" құрылымының Қазақстандағы бағдарламалар басшысы Дина Амришева да қатысты. Тараптар білім беру саласындағы іргелі реформаларды және бала құқықтарын қорғау тақырыбын талқылады.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған "Келешек мектептері" ұлттық жобасының нәтижелері туралы айтылды. Бүгінгі таңда елімізде 217 заманауи мектеп пайдалануға берілсе, оның 84-і ауылдық жерлерде бой көтерген. Министр бұл қадам ауыл мен қала арасындағы білім сапасының теңсіздігін жоюға және шалғай елді мекендерде халықаралық стандарттарға сай білім ошақтарының салынуына мүмкіндік бергенін айта келе, оқушылардың білім алу мүмкіндігін теңестіру - еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.

Білім саласындағы кадрлық әлеуеттің дамуына тоқталған Жұлдыз Сүлейменова:

 "Бүгінде елімізде педагогтердің 81 пайызы -әйелдер. TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің қорытындылары отандық білім беру саласындағы оң нәтижелерді көрсетті. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған іргелі реформалардың арқасында мұғалімдердің 95 пайызы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80 пайызы кәсіби таңдау мүмкіндігі қайта берілсе, тағы да осы мамандықты таңдайтынын білдірген. Бұл көрсеткіштер мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған Президенттің іргелі реформаларының тиімділігін көрсетеді", – деді.

Балалардың құқықтық сауаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік 10 маңызды заңды ілгерілетті. Атап айтқанда, зорлық-зомбылыққа "нөлдік төзімділік" принципі енгізіліп, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді. 2025 жылғы заңнамалық жаңартулар аясында қорғаншылық талаптар күшейіп, бала құқықтарын қорғау бойынша өңірлік органдардың функциялары кеңейтілді және мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері бекітілді.

Өз кезегінде Джерен Гювен Гюрэс Қазақстанның гендерлік саясат пен білім берудегі жетістіктерін жоғары бағалап, Министрлікті бірнеше бағыт бойынша серіктестікті нығайтуға шақырды. Кездесу соңында Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының әйелдер қауымын қолдауға бағытталған саясатының маңыздылығын атап өтіп, мәртебелі мейманға Қазақстанның cаясаттағы әйелдері туралы кітапты тарту етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу