Елімізде педиатриялық учаскелер қайта қалпына келтіріледі

810

Елімізде педиатриялық учаскелер қайта қалпына келтіріледі

Алты жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында педиатриялық учаскелер қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

МСАК деңгейінде алты жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту және жалпы практика дәрігерінің жүктемесін төмендету мақсатында педиатриялық учаскелерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы биыл республика бойынша 23 педиатриялық учаске ашылды, жыл соңына дейін тағы 84 осындай учаске ашу жоспарланып отыр. 

2018 жылы оқуды бітіретін интерн педиатрларды есепке алғанда, тағы 230 педиатриялық учаске ашу, 2019 жылдан бастап 2024 жыл аралығында жыл сайын 500-ден астам педиатриялық учаске ашу көзделген. Осылайша, 2024 жылға қарай педиатриялық учаскелерге деген қажеттілікті 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу