Елімізде пластиктен электр энергиясын өндіретін зауыт салынады

926

 Елімізде пластиктен электр энергиясын өндіретін зауыт салынады

Елімізде пластиктен электр энергиясын өндіретін зауыт салынады. Өндіріс ошағын келер жылы Астана мен Алматыда тұрғызылу жоспарлануда. Бүгін осыған байланысты меморандумға "Қазақ Инвест" және итальяндық "Бионет" компаниясы қол қойды. Келісімге сәйкес шет елдік инвесторлар құрылыс жұмыстарына 45 млн еуро жұмсайтын болады. Жаңа зауытта сондай-ақ биогаз, жылу тыңайтқыштары шығарылады. Итальялық бизнесмендердің айтуынша, зауыт жылына 150-180 мың тонна қоқыс қалдықтарын өндіруге қауқарлы болмақ. Айта кетейік қос мемлекет соңғы екі жылда 10 жобаны бірлесе жүзесе асырған.

Нұрсұлтан Жиенбаев, "Kazakh Invest" ҰК басқарма төрағасының орынбасары:

"Зауыт итальяның озық технологияларымен жабдықталады. Инвесторлардың ең басты талабы біздегі қоқыс полигондарында жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Зауытты да сол маңға салуды қарастырып отыр. Артық шығын болмас үшін. Болашақта зауыттан шыққан өнімдерді экспорттау жоспарда бар. Келісімге сәйкес, өндіріс ошағы 2019 жылы іске қосылады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу