Елімізде пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін

876

Елімізде пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін

Жолаушылар тасымалдайтын компаниялар келесі жылы қосымша вагондар сатып алмақ. Және Астана, Алматыдан өңірлерге қатынайтын жаңа бағыттар ашылады екен. Соған байланысты жол жүру құны да көтерілуі мүмкін, деп жазады КТК.

"Бірқатар бағыт үшін тариф 3-7 пайызға дейін қымбаттайды. Ал үш жылдың ішінде қалааралық бағытта қатынайтын 15 пойызда билет бағасы көтерілмейді. Құнды ұстап тұру үшін мемлекет 22 миллиардтан астам теңге субсидия бөліп отыр", – деп мәлім етті ҚР Инвестиция және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.

Сондай-ақ, жаңа жылдан еліміздегі темір жол вокзалдарында қатаң тексеріс басталады. Террористік қауіп-қатерге байланысты 16 вокзалда бақылау күшейтілмек. Яғни, мамандар кіре берістен тұрып әр жолаушының өзін, сөмкесін ашып тексереді. Ең алдымен Алматы, Астана, Ақтөбе мен Қарағандыдағы темір жол вокзалдары жіті бақылауда болады. Кейін кезең-кезеңмен өзге да вокзалдарға жетеді. Көлік комитеті қазір 56 құрылғы сатып алып, аймақтарға таратып жатыр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу