Елімізде пойыздар 48 бағытта жолаушы тасымалдап жүр

665

31 тамыздан бастап қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздардың, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат берілді.  

Елімізде пойыздар 48 бағытта жолаушы тасымалдап жүр

Бүгінгі таңда елімізде пойыздар 48 бағытта жүреді, деп хабарлайды Көлік комитеті.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 42 облысаралық және қала маңындағы пойыздардың жүруі уақытша тоқтатылып, 7 пойыздың жүру мерзімі қысқартылды.

Қазіргі уақытта Санитарлық қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, 48 бағытта пойыздар жүреді. "Жолаушыларды тасымалдау кезінде мынадай шаралар қамтамасыз етілді: жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды қамтамасыз ету; жолаушылардың жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер) міндетті түрде болуын және алып жүруін бақылау; жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланыс бойынша жолаушылар қозғалысын шектеу талаптары туралы хабардар ету; жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау жұмысын жүргізу; жолсеріктерді медициналық бетперделермен қамтамасыз ету; қалыптастыру пункттерінде жылжымалы құрамды дезинфекциялау", делінген хабарламада.

Еске слаа кетсек, Қазақстанда шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу