Елімізде пойызға 45 күн бұрын алынатын билеттерге тапшылық туындады

936

Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" өкілдері ақпарат таратты.

Елімізде пойызға 45 күн бұрын алынатын билеттерге тапшылық туындады

Мекеменің баспасөз қызметі керекті бағытта билет жоқ болған жағдайда, жолаушы кассада күту парақшасына тіркелу қажеттігін айтады. Айналымға билетттер түскен кезде, жолаушының электронды поштасына хабарлама келеді деп хабарлайды Atameken Business.

Содан кейін, олар екі сағат ішінде сол билетті компанияға қарасты кез-келген кассадан сатып алуға тиіс.

45 тәулік бұрын сатылатын жол жүру құжаттары сатылымға таңғы сағат 07:00 шығарылады екен.

Railways.kz сайтында билеттерді рәсімдеу техникалық үзіліс кезінде, яғни таңғы 04:50 мин пен 05:50 мин аралығында тоқтатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу