Елімізде психикалық ауруға шалдыққандар көбейген

1146

Мамандардың сөзінше, психикалық ауытқуға шалдыққан жандардың 75 пайызына шизофрения диагнозы қойылған. 

Елімізде психикалық ауруға шалдыққандар көбейген

Қазір дүниежүзінде 450 млн-ға жуық адам психикалық ауруларға шалдыққан, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Біздің елімізде де бұл көрсеткіш бойынша жағдай көңіл көншітпейді. Алматыда қазір бұл дертпен ауыратын 10 600 адам диспансерлік бақылауда тұр.

"Бұл былтырғы есепке қарағанда, 14 есе көп", - дейді мамандар.

Мамандардың сөзінше, психикалық ауытқуға шалдыққан жандардың 75 пайызына шизофрения диагнозы қойылған. Яғни, тұқым қуалайтын дерт. Одан кейін мидың органикалық зақымдануы, туабітті ақыл-есінің кемтарлығы мен әлеуметтік жағдайдың кері әсері көп. Ең қиыны, науқастар  психологқа уақытында қаралмайды.

 "Қазір қарапайым адамдарға психологқа бару керек десе, оларда бірден үрей пайда болады. Сондықтан, қазіргі таңда осы орталықта отырған біздің психиатр дәрігерлеріміз қалалық емханалардың құрамында, сол жерде халықты қабылдап жатыр", - дейді "Психикалық сауықтыру орталығының" МКК директоры Сапар Рахменшеев.

Десек те, психологтар елімізде суицидтің жыл санап азайып келе жатқандығын жеткізді. Мысалы, Алматыда биыл 772 адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл өткен жылға қарағанда 38 адамға аз. Ал, былтыр екі жасөспірімқайтыс болған.

Қазір психикалық ауытқу ауруларынан сақтану үшін тиісті министрлік деңгейінде жол картасы жасалған. Соның шеңберінде психикалық интеграция жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, бұл салада маман тапшы. Сондықтан, психикалық сауықтыру орталығына биыл 21 дәрігер қосымша жұмысқа тартылмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу