Елімізде ПТР-тестің бағасы арзандады. "INVIVO" және "Олимп" зертханаларында енді оны шамамен 9000 теңгеге тапсыруға болады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш зертханалар мен агенттік бағаны төмендету бойынша актіге қол қойған. Осылайша, олар бағаны өз еркімен төмендеткен.
Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тест 11 мың теңгеден 8 900-ге дейін арзандайтынын айтқан. Ал "Инвиво" мен "Олимптен" басқа зертханалардағы бағаны түсіру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Толығырақ Atameken Business-те:
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу