Елімізде ресейлік "Слово пацана" сериалына тыйым салына ма?

672

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы Роскомнадзор мен Тергеу комитетінен аталмыш туындыны тексеруді сұрап отыр. 

Елімізде ресейлік "Слово пацана" сериалына тыйым салына ма? Фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту және жоғары білім министрлері көптің талқысына түскен "Слово пацана" сериалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер "Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салған дұрыс па?" деп сұрады.

"Бүгінгі таңда, осы сериалдың төңірегінде көп ақпарат шығып жатыр. Ресей Федерациясының өзінде де бірқатар мәлімдеме жасалды. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Қандай да бір алдын ала мәлімдеме жасағымыз келмейді. Біздің министрлік Ақпарат министрлігінен бірнеше сарапшыны жұмылдырды. Қажет болған жағдайда қандай да шешімдер қабылдануы мүмкін. Бірақ үлкен ажиотаж көріп отырған жоқпыз. Мәселе жан-жақты зерделеніп жатыр", - деп жауап берді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, Оқу-ағарту министрлігі зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы.

"Сол себептен нөлдік төзімділік болғаны жөн. Бірақ осы мәселеге қатысты нақты зерттеу жүргізілуде. Білуімше, туындыны жарыққа әкелген елдің өзінде де бұл мәселе қарастырылып жатыр. Жалпы мектептердегі зорлық-зомбылыққа жол берілмей, осындай туындылар болмауы керек", - деді Оқу-ағарту министрі.

Журналистер ведомство басшыларынан "Сериалды көрдіңіздер ме?" деп нақтылады.

Сондай-ақ, Ғани Бейсембаев та, Саясат Нұрбек те туындыны көрмегенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу