Елімізде ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 8 есеге артқан

1257

Ай сайын жұмыспен қамту орталықтарына шамамен 60 мың адам жүгінеді. 

Елімізде ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 8 есеге артқан

Елімізде ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 8 есеге артқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, ай сайын жұмыспен қамту орталықтарына шамамен 60 мың адам жүгінеді. Ал жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берілген жолдамалар бойынша не бары 130 адамға жұмыс тауып берген, деп хабарлайды Atameken Business. 

Сондай-ақ ресми жұмыссыз саналатын 50 мың 200 адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты қосымша арнайы төлемдер алып отыр. Оларға 7 айда 5,5 млрд теңге төленген.  Ал табысын жоғалтқан 4,6 млн азаматқа төтенше жағдай кезінде, яғни 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында 42 500 теңгеден беріліп, 322 млрд теңге жұмсалған. Карантиндік шектеулер болған 5ші шілде мен 17-ші тамыз арасында 2,3 млн адамға 147 млрд теңге үлестіріп берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу