Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды.
Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті, деп жазды Партия басшысы.
Сонымен қатар Айдарбек Қожаназаров партияның төрағаларымен; Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты таныстырды.
Айдарбек Қожаназаров осы азаматтарға "елімізге оң өзгерістер әкелер жолындағы алғашқы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймын" деп, сенім білдірді.