Елімізде Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

193

25 қазан - Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:

№ 630/629 пойызы "Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;

204 пойызы "Астана-Шымкент" бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 216 пойызы "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 201 пойызы "Алматы-Астана" бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

25 және 27 қазанда "Қарағанды-Астана" бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.

Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15–те келеді;

Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу