Елімізде рубльге сұраныс төмендеді

Ал еуроға қызығушылық керісінше артты.  

Елімізде рубльге сұраныс төмендеді Фото: inbusiness.kz

Валюта айырбастау пункттерінің қазақстандықтар арасында танымал АҚШ долларын таза сатуы биыл бірінші тоқсанында 385,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7% аз, деп хабарлады ranking.kz.

Еуроның таза сатылымы, керісінше, 29% өсіп, 2023 жылдың қаңтар–наурызында 74,6 млрд теңгені құрады. Бірақ қазақстандықтар Ресей рублін айырбастау орындарына сатып алғанынан 8,4 млрд теңгеге артық сатқан. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын Ресей рублі айырбастау пункттеріне сатқаннан гөрі 215,2 млрд теңгеге артық сатып алған.

Өңірлер бойынша айырбастау пункттерінің АҚШ долларын "таза" сатуының үштен бір бөлігіне жуығы тек Алматы қаласының үлесіне тиді: 124,9 млрд теңге. Таза сатылымның айтарлықтай көлемі Шымкентке де түсті: 68,2 млрд теңге. Үздік үштікке Астана да енді: 30,7 млрд теңге.

Айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатуының ең аз көлемі 2023 жылдың бірінші тоқсанында Алматы (679,9 млн теңге), Ұлытау (1 млрд теңге) және Жетісу (1,8 млрд теңге) облыстарында байқалды.

Бұл ретте Қазақстандағы еуро айырбастау пункттерінің нетто-сату көлемінің жартысынан астамы тек екі облысқа — Алматы мен Шымкентке түсті: тиісінше 27,2 млрд теңге және 16,6 млрд теңге. Астана да қомақты сома: 9 млрд теңге.

Еуро таза сатудың ең аз көлемі Ұлытау (36,3 млн теңге), Жетісу (284,3 млн теңге) және Ақмола (295,3 млн теңге) облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу