Елімізде сәби өлімі рекордтық деңгейде төмендеді

88

Былтыр Қазақстанда 1 жасқа дейінгі 2 мыңнан астам бала шетінеген.    

Елімізде сәби өлімі рекордтық деңгейде төмендеді Фото: gov.kz

Кейінгі онжылдықта сәби өлімі шамамен 2 есе азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы 1 жасқа дейін шетінеген балалар саны 24,2%-ке қысқарды. Әсіресе ауылдық жерлерде жағдай айтарлықтай жақсарған.

Ең жақсы көрсеткішті Ақтөбе облысы (-48%), Ақмола облысы (-42,9%) және Қостанай облысы (-42,5%) көрсетті. Ал ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында байқалды: 2024 жылы 46 баладан 2025 жылы 45 балаға (-2,2%) азайды.

1 жасқа дейінгі балалар өлімі халық тығыз қоныстанған оңтүстікте тіркелді:

  • Түркістан облысында – 325;
  • Алматы облысында – 176, Алматы қаласында – 155;
  • Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында – әрқайсысында 150 бала;
  • Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – 24 бала.

2025 жылы мың нәрестеге шаққандағы өлім коэффициенті алғаш рет ел тарихында 6-дан төмендеп, 5,97 болды. Он жыл бұрын 9,46 пайыз болған. Яғни кейінгі он жылда көрсеткіш шамамен 40%-ға төмендеген.

Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі бар, бірақ азайып келеді: 2025 жылы қалаларда 1 мың туған нәрестеге шаққанда 5,53 бала шетінесе (2024 жылы – 6,46), ауылдарда 6,66 бала көз жұмды (2024 жылы – 7,92).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу