Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады. Бүгін саяси науқанға қатысатын партияларды тіркеу аяқталды. Тізімге 90 әйел және 222 ер адам енді. Оның ішінде 29 жасқа толмаған 19 азамат бар. 12 ұлт өкілі тіркелді. Оның басым көпшілігі қазақтар, деп хабарлайды Atameken Business.
Айта кетейік, мәжіліс кандидаттардың қатарына қазіргі 34 депутат та енгізілді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньде партиялардың орналасу тәртібін айқындау үшін жеребе өткізді.
Қорытынды бойынша, бірінші Қазақстан халық партиясы тұратын болды. Одан кейін "Нұр Отан", "Ауыл", "Ақжо"л және "Адал" орналастырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу