Елімізде салық саны мен көлемі көтерілсе, бизнес өкілдері кәсібін көлеңкелетіп жібермей ме?

492

Бұл сауалға Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді. 

Елімізде салық саны мен көлемі көтерілсе, бизнес өкілдері кәсібін көлеңкелетіп жібермей ме? Фото: primeminister.kz

– Салықты көтерсе, бизнес көлеңкеге кетеді деген пікірді талай естідім. Қазақстанның ішінде тіршілік жасап жатқан бизнестің көлеңкеге кетуіне ешқандай мүмкіндік жоқ. Тек қолма-қол ақшамен төлесең ғана, ешкім білмейді. Бірақ, қашанғы қолма-қол төлейсің, ондай нарықты, сатушыны, сатып алушыны қайдан табасың? Ұзаққа бармайды. Не де болса мобильді аударымға көшесің, ол процесті салық комитеті, Ұлттық банк көріп отыр, электронды шот фактура ашса, бірден көреміз, – деді Серік Жұманғарин сұхбат барысында.

Ұлттық экономика министрінің мәлімдеуінше, бүгінде салық жүйесі жақсы дамыған. 

– Сол себепті, тығылудың қажеті жоқ, тығыла да алмайсың. Бизнес жүргізудің екі жолы бар, бірі – қазіргі жолдан таймау, ештеңені өзгертпеу, одан жағдай жыл сайын қиындай береді. Салдарынан салық жиналмайды, бүкіл салмақ Ұлттық қорға түседі, дейді Премьер-министрдің орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу