Елімізде салықтық несие институты енгізіледі

1090

Елімізде салықтық несие институты енгізіледі

Елімізде салықтық несие институтын енгізу көзделіп отыр. Яғни жаңадан ашылған кәсіпорын аяғынан тік тұрып кеткенше салық төлемесе болады. Міндеттемелерді кейіннен өтеуге уақыт беріледі.Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары осылай деді, деп жазады 24.kz. 

Руслан Дәленов ұлт жоспары аясында министрліктің атқарған жұмыстары туралы айтты. Кеден және салық кодекстерінің жаңа жобасы әзірленгенін жеткізді. Бұдан былай үйде отырып-ақ, ғаламтордың көмегімен кедендік декларацияны тапсырып, арнайы портал арқылы тиісті рәсімдерді жүргізуге болады. Ал кейбір операциялар адамның қатысуынсыз электронды түрде атқарылады. Бұл жемқорлықты болдырмауға септігін тигізеді.

"Бүгінде кеден қызметкері қажетті анықтама қағаздарын алып, декларацияға тапсырыс беру үшін өтініш білдірушінің өзін жұмсайды. Енді бұл жұмыстарды кеденшілердің өзі атқарады. Қазір барлық мемлекеттік органдар автоматтық жүйеде жұмыс істейді. Қажетті дерекқор базалары бар. Егер тапсырыс беруші анықтама қағзадарын алған болса, онда оны кеденшілерге өткізудің қажеті жоқ", -  ҚР ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу