Елімізде салымдар көлемі азаюда

989

Мамыр айында банктегі депозиттердің жалпы көлемі 19,06 трлн теңгені құрады.   

Елімізде салымдар көлемі азаюда

Мамыр айында отандық банктерде жекелей салымдар көлемі 9,87 трлн теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғымен салыстырғанда 0,3%-ға төмен. Қазақстандағы ірі банктердің ішінде салымдар тек үш қаржы институтында артқан. Мұнда Bank RBK (8,2%) көш бастап тұр. 

Одан кейінгі орында Kaspi Bank (4,8%). Ал үздік үштікті "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" (1,1%) қорытындылайды.

Мамыр айында банктегі депозиттердің жалпы көлемі 19,06 трлн теңгені құрады. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 0,6%-ға төмен. Ал корпоративтік салымдар жеке депозиттерден төмен нәтиже көрсетті. Бір айда олардың көлемі 0,8%-ға төмендеген. 
Нәтижесінде жалпы салымдардың ішінде жеке депозиттердің үлесі 51,8%-ды құрайды. Наурыз айында бұл көрсеткіш 51,7% болатын. 

Жекелей депозиттер бойынша салымдар көлемі артқан Bank RBK бизнес депозиттер көлемін 2,1%-ға, ал Kaspi Bank 0,9%-ға арттырды. Осылайша өюқос қаржы институтындағы заңды тұлғалар жинақтаған сома 126,4 млрд теңге мен 164,1 млрд теңгеге жетті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу