Елімізде самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеген

655

Биыл 1 қаңтардан бастап самокаттардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

Елімізде самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеген Фото: 7kun.kz

2022 жылы бір адам көз жұмды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Оның сөзінше, электр самокатпен жүруді құқықтық реттеудің уақыты келді.

"Бізде "заңмен тыйым салынбаса, рұқсат етілген" деген қағидат бар. Сол себептен жаяу жүргіншілердің, скутерлердің және мопедистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір шектеулер қабылданып жатыр. Сондықтан егер адам 18 жаста және оның жүргізуші куәлігі болса, онда шлем мен жарық шағылыстырғыш белгілері секілді талаптарды ескере отырып, жол қозғалысының оң жағында жүре алады деген ұсыныс айтылды", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу