"Елімізде сатылған екі көліктің бірі отандық өнім"

638

Соңғы 10 жылда салаға тартылған инвестиция көлемі 14 есе артқан.

"Елімізде сатылған екі көліктің бірі отандық өнім"

Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше елімізде автокөлік жасау саласы қарқынды дамып келеді. Аталған секторда 10 жылда өндіріс көлемі 25 есе, инвестиция көлемі 14 есе артқан. Министр мұны тамаша көрсеткіш деп бағалады. 

"Машина жасаудың ішінде автокөлік жасау саласы қарқынды дамып келеді. Сектор дәнекерлеу мен бояу бойынша жаңа технологияларды енгізу арқылы ірі торапты құрастырудан шағын торапты құрастыруға өтті. Мұндағы локализация деңгейі 40%-ға өсті. 10 жылда өндіріс көлемі 25 есе, инвестиция көлемі 14 есе артты. Бүгінде елімізде сатылған әр екінші көлік отандық өнім. Бұл тамаша көрсеткіш", – деді министр. 

Биылғы жылдың сегіз айында елімізде 45 мың автокөлік құрастырылған, оның жалпы сомасы 341, 2 млрд теңгені құрайды. Сегіз айда өндіріс көлемі 51%-ға өсті. Қазақстан экспортқа өнім шығарудан да артта қалған жоқ. 2020 жылдың қаңтар-тамызы аралығында Ресей, Беларусь, Өзбекстанға 4,7 мың көлік сатқан. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу