Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
"Сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Ал сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жұмыс істемейді. Бұл күрделі мәселе. Сіздер фильмдер бір сағаттан астам көрсетілетінін білесіздер. Бір бөлмеде ұзақ уақыт бойы көпшіліктің шоғырлануы белгілі қиындықтар тудырады. Сондықтан біз осындай шешімге келдік", – деді Ералы Тоғжанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу