Елімізде сенат депутаттарының сайлауы өтуде

1337

Елімізде сенат депутаттарының сайлауы өтуде

Елімізде сенат депутаттарының сайлауы өтуде. Қазіргі уақытта барлық аймақтағы дауыс беру пунктері ашылған. Ал, сайлау Астана уақытымен таңғы 10-да басталған болатын. Ресми дерекке сәйкес Алматы мен Астана және облыстардан барлығы 38 үміткер тіркелген. Кандидаттарға ел бойынша 3 мың 293 сайлаушы, яғни мәслихат депутаттары дауыс беретін болады. Сайлаушылардың саны бойынша басым аймақтардың қатарына Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бар. Астана мен Алматы қалаларында дауыс берушілердің саны аз. Қазір сайлаудың барысы жайлы тілшіміз Арай Сүгірбай толықырақ баяндайды.

"Дауыс беру басталды. Электронды тиркеу жуйеси аркылы тандаушылардын толыктай катысып отыргандыгын корип отырмыз. Дауыс беру сагат түскі 1 ге дейин жалгасады. Онлайн режим аркылы дауыс берудин натижелерин коруге болады. Ал ресми корытындыны орталык сайлау комиссиясы ертен жариялайтын болады", - деді Арай Сүгірбай.

Марат Сәрсенбаев, ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

"Ал, дауыс беру барысын 288 халықаралық байқаушы бақылайтын болады. Олар қазір қысқа мерзімді байқау жұмыстарына кірісіп те кетті. Сондай-ақ, ресми дерекке сәйкес 15 мемлекеттен 116 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі сайлаудан хабар таратуға ниет білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаттарының сайлауы әр үш жыл сайын өткізіледі. Алғаш лек 1995 жылы 5-ші желтоқсанда сайланды. Осы уақатқа дейін 8 сайлау ұйымдастырылған. Қазіргісі 9-шысы. Ал, соңғы рет 2014 жылы болған еді. Ол сайлау 6 жылға сайланған бірқатар депутаттардың өкілеттік мерзімі аяқталуына орай өткізіледі. Ал бүгінгі сайлауда тіркелген 38 кандидаттың тек 16-сы ғана депутат атанады."

Арай Сүгірбай, тілші:

"Жалпы, парламенттің жоғарғы палатасы 47 депутаттан тұрады. Олардың 32-сі барлық деңгейдегі мәслихат депутатарымен сайланады. Еліміздің әрбір 14 өңірі мен республикалық маңызы бар ірі екі қаласынан Сенатқа 2 депутаттан ғана сайланады. Қалған 15 сенаторды президент тағайындайды. Енді бірер сәттен кейін, дауыс беру басталады."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу