Мұндай шешімге асфальт жолдардың тым қымбаттығы мен оларды күтіп ұстауға бюджеттің жетіспеушілігі себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елімізде шағын ауылдардың арасына қиыршық тас жолдар салу жоспарланып отыр.
"Асфальт төсеу қиыршық тасқа қарағанда 6-10 есе қымбатқа түседі. Жергілікті билік құрылысты бастағанымен, кейде тіпті қиыршық тасқа да қаржы жетпейді. Сондықтан жаңа бағдарлама бойынша біз барлық елді мекенге дейін сапалы қиыршық тас жолдар саламыз", – деп мәлімдеді министр.
Министрдің сөзінше, қазір шағын ауылдар арасында шамамен 35 мың шақырым жол бар. Асфальтты уақытылы күтіп ұстамаса, уақыт өте келе шұңқырлар пайда болып, көліктің дөңгелегін зақымдайды. Мақсатымыз – барлық ауылға нормативтерге сәйкес келетін қиыршық тас жол арқылы қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Сонымен жаңа бағдарлама бойынша елді мекендерге апаратын жол мәселесі толық шешілмек. Қиыршық тас жолдар салынып, барлық ауылдарға қолжетімді жолдар жасалады.
Құжат дайындалды, енді мақұлданған соң билік іске кіріседі.