Бұл "Атамекен" сараптамалық қызметі келтірген 2022 жылдың төртінші тоқсанындағы деректер, деп жазады inbusiness.kz.
Сарапшылардың сөзінше, осылайша жұмыс орындарының саны артты. Ұлттық бюроның мәліметіне сүйенсек, былтыр шағын кәсіпорындағы орташа айлық жалақы 280 мың теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 22%-ға артық.
Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру секторларында тіркелген (470 мың теңгеден жоғары). Келесі орында ақпарат және байланыс саласы мен тау-кен өнеркәсібі тұр.
Өңірлердегі жалақы мөлшері бойынша Атырау облысы көш бастап тұр. Деректерге сәйкес, аймақтағы орташа жалақы 411 мың теңгеден асады. Одан кейінгі орында Астана мен Алматы қалалары тұрақтады.